Үлестіру, тарату, бөлу, үлеу

lat: Úlestirý, taratý, bólý, úleý.

Бір затты әркімге жекелеп қолмен беру.

Бәйге цлестіру үшін қалың жиын топталып, ортасынан алаң жасап, дөңгелей отырып қатар түзету керек болды (М. Әуезов).

Ас пісірушілер жұмысшылардың кешкі тамағын таратуға көпірге кеткен екен (I. Есенберлин).

Сұрастыра келсем, ауылнай тұқымды белгенде мұның мойнына екі пүт тары жазып қойыпты (Б. Майлин).

Екеуіне ауыр жүкті үлеймін,

Екеуін де кідіртуге болмайды,

Екеуіне бақытты жол тілеймін (X. Ерғалиев).